«Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/304 «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/427 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/304 «2015 - 2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2567 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 5-6 санында жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
2015 - 2017 жылдарға арналған облыстық бюджет қосымшаға сәйкес, тиісінше, оның ішінде 2015 жылға, мынадай көлемдерде бекітілсін:
«1) кірістер - 98 903 750 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 58 182 909 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 2 606 501 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 100 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 38 111 239 мың теңге;
2) шығындар - 99 889 561 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 4 478 664 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 8 149 152 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 670 488 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 656 924 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 656 924 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 6 121 399 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 6 121 399 мың теңге.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы:
Бейнеу ауданына - 76,7 пайыз;
Қарақия ауданына - 38,3 пайыз;
Маңғыстау ауданына - 79,3 пайыз;
Түпқараған ауданына - 40,1 пайыз;
Мұнайлы ауданына - 100 пайыз;
Ақтау қаласына - 17,6 пайыз;
Жаңаөзен қаласына - 42,8 пайыз.»;