«Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер» және «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 11-1-4/539 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер» және «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8438 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыпқа және 1-тармаққа орыс тіліндегі өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер» және «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларында:
тақырыпқа орыс тіліндегі өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: