«Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 270 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 539 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 270 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған тұжырымдамада:
«2. Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:
жетінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бұдан басқа, шекара маңындағы аумақтарға қатысты жекелеген бағдарламалық құжаттар іске асырылды. 2014 - 2020 жылдары Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту бойынша 2014 - 2020 жылдарға арналған шаралар кешені іске асырылды.
2017 жылдан бері Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының шекара маңындағы аумақтарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда.
Осы құжаттар шеңберіндегі шаралар экономиканы, инфрақұрылымды, туризмді, шекара маңындағы сауданы дамыту, жұмыс орындарын құру, мемлекеттік шекарадан өту орындарын жайластыру мәселелері мен басқа да мәселелерді шешуге бағытталған.
Сонымен қатар ағымдағы жағдайға жүргізілген талдау шекара маңындағы аумақтарды дамыту мәселелері өзектілігін жоғалтпағанын көрсетті. Автомобиль жолдарының жай-күйі, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым объектілерінің тозуы бойынша мәселелер толық шешілмеген. Шекара маңындағы аумақтардағы тұрғындарды, оның ішінде жастарды жұмыспен қамту мәселелерін шешу талап етіледі.»;
он бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: