Осы редакция 2019 жылғы 16 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 149 қаулысына
5-қосымша
«Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
«Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атына көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесімен қоса банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хатты жіберу не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 24 және 25-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Тұлғаға банк холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру кезінде банк капиталына елеулі қатысуға не еншілес банк құруға немесе сатып алуға рұқсат бірге беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.