Ұлытау облыстық мәслихатының II сессиясының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 25 «Ұлытау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Ұлытау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 қазандағы № 180 шешімі
Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлытау облыстық мәслихатының II сессиясының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 25 «Ұлытау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бекітілген бекітілген Ұлытау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларына:
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:
1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;
2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;
3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;
4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;
5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);
6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.»;
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын: