«Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 392 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда:
«Балалардың зорлық-зомбылықтан, жәбірленуден және оларға қатыгездікпен қараудан қорғалу құқығын іске асыру» деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 6. | Балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен жәбірлеуге қарсы ұлттық ақпараттық науқан жүргізу | ақпараттық науқан | жыл сайын желтоқсан | ОМ, МАМ, ЖАО | талап етілмейді | - |
»;
«1.2. Орта мерзімді шаралар» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 23-1-жолмен толықтырылсын:
«
| 23-1. | Ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері бас тартқан кезде суицидтік қауіп болған жағдайда балаға қамқоршылық және қорғаншылық қызметтерін жүзеге асырушы органдардың шешімімен психологиялық көмек көрсету мүмкіндігін заңнамамен бекіту жөніндегі норманы заңнамалық бекіту | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2025 жылғы желтоқсан | ОМ, ДСМ | талап етілмейді | - |
»;
«Балалардың суицидтік және аутоагрессивті мінез-құлқының профилактикасы және оны түзету» деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«