Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 15 қазандағы № 232 Қаулысымен күші жойылды
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 265 қаулысына 7-қосымша
«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық наркологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) ұсынылады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі-Орталық);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
Орталықта - диспансерлік есепте тұрғаны/не тұрмағаны туралы анықтаманы беру;
көрсетілетін қызметті берушіде - диспансерлік есепте тұрғаны/не тұрмағаны туралы дәрігер-наркологтың анықтама беруі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік
қызметті көрсету үдерісінде әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-әрекеттің) басталуы үшін көрсетілетін қызметті алушының жүгінуінің (өтініш) болуы негіздеме болады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және олардың орындалу реттілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері: