Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 75/02 Қаулысы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 18 маусымдағы № 37/02 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 37/03 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3866 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 маусымдағы № 81-82 (22026-22027) «Индустриальная Караганда», 2016 жылғы 28 маусымдағы № 101-102 (22 207) «Орталық Қазақстан» газеттерінде, 2016 жылғы 29 маусымдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақта:
4), 5) тармақшалар алынып тасталсын;
6) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
«6) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;
9) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
«9) «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;
мынадай мазмұндағы 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын: