Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 445 бұйрығы
(2019.22.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 тамыздағы № 369 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығымен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларына сәйкес және конкурстық комиссия отырысының 2016 жылғы 8-15 ақпандағы № 2 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамы осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;