«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 541 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде:
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Кенттер мен қалалар, сондай-ақ ауылдық елді мекендер аумағында өртке қарсы қызмет бөлімшелерін орналастыру кенттер мен қалалардағы шақыру жасаған орынға алғашқы өрт бөлімшесінің жету уақыты 10 минуттан аспауы, ал ауылдық елді мекендер үшін - 20 минуттан аспауы тиіс деген шартқа сүйеніп анықталады.
Қалалар мен елді мекендер үшін өрт деполары мен өрт сөндіру автомобильдерінің саны сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.