Осы редакция 2019 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 42/02 қаулысымен бекітілді
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016.17.06. № 42/02 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016.17.06. № 42/02 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - субсидия алуға өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау