Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 97/11-V шешімі
Осы редакция 2015 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 5 мамырда № 326 болып тіркелген, 2004 жылғы 22 мамырдағы № 63-64 «Вечерняя Астана», 2004 жылғы 15 мамырдағы № 62-63 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: