Ақтау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №12/137 «2018-2020 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/226 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Ақтау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №12/137 «2018-2020 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3511 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 қаңтарда жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет осы шешімнің қосымшасына сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 28 693 800,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 20 042 310,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 119 687 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 993 604 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 4 538 199 мың теңге;
2) шығындар - 28 454 618 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 1 655 679,8 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 656 109,8 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 430 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 416 497,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 416 497,7 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімдері - 1 656 109,8 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 725 226 мың теңге;