«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 319 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 15-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері»;
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Басқарма жұмысын ұйымдастыру»;
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Басқарманың мүлкі»;
5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату».
14-тармақтың 21) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«21) құзыреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының стратегиялық мақсаттарына және міндеттеріне, индикаторларына және іс-шараларына жетуді қамтамасыз етеді және Министрліктің Стратегиялық даму департаментіне олардың орындалуы бойынша растайтын ақпаратты ұсынады;»;
15-тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«4) «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ-дан мұнай мен газды және мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, өңдеу көлемдері туралы ақпаратты сұратуға;