11-қосымша алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
11-қосымша
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.30.03. № 35 Қаулысымен күші жойылды
«Инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.16.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Инвестициялық портфельді басқарушысының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.16.08. № 132 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың толық топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде - 50 (елу) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.