«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. АӨК саласындағы жобаларға кредит беру мақсатында кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасында жасалатын кредиттік шарт негізінде жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, мерзімділік және ақылылық қағидаттарымен республикалық бюджеттен бюджеттік кредит мынадай шарттармен беріледі:
1) 1 (бір) процент жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 10 (он) жылға;
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты - АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған мынадай жобаларды іске асыру:
тауарлық сүт фермалары (қуаты 400 бастан бастап);
етті бағыттағы құс фабрикалары (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);
етті мал шаруашылығы кәсіпорындары (5000 бастан бастап);
бордақылау алаңдары (5000 бастан бастап);
ет өңдеу кәсіпорындары (қуаттылығы сағатына 8 шартты бастан басталатын);
сыйымдылығы 10000 ауыл шаруашылығы жануарлары басынан басталатын мал базарлары;
көкөніс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап);
жеміс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап);
өнеркәсіптік жылыжай шаруашылықтары;
жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындары;
өндірістік қуаттылығы жылына 25 тонна болатын аквашаруашылық объектілерін өсіру шаруашылықтары;
құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторлар;