Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 474 бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 4 ноября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 4 ноября 2025
Дата последнего изменениявторник, 4 ноября 2025

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 474 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті туралы ережеге, аталған бұйрықпен бекітілген (бұдан әрі - Ереже):

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Тапсырмалар:

1) ТЖ алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

2) Комитет құзыреті шегінде мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету.

3) Комитет қызметін ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету;

4) Комитетте жобалау қызметін жүргізу;

5) табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ның мониторингі мен болжау мәселелерінде үйлестіру мен басқаруды жүзеге асыру;

6) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және үйлестіру;

7) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.»;

14-тармақта:

6) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:

«16) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу;

17) Комитет құзыреті шегінде бейінді халықаралық ұйымдарда Министрліктің мүдделерін білдіру;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами