Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешімі
(2019.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-тармағы 2-3 тармақшаларына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.
2. «Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 тамыздағы № 4 шешімінің (2012 жылғы 6 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 1824, 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 37 «Қызылжар нұры», 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 37 «Проспект СК» газеттерінде жарияланған), «Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 тамыздағы № 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 11 шешімінің (2013 жылғы 11 қаңтардағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2053, 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 4 «Қызылжар нұры», 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 4 «Проспект СК» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.