«Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 458 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 164 шешімі
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 458 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6393 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының жерлеудің және зиарттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларына:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Зират қорымдарын жобалау қағидаттарын айқындау және оларды күтіп ұстауға, жерлеу ісін, жерлеу салт-жорасын (адамның сүйектерін немесе күлін жерлеу рәсімін) ұйымдастыру тәртібіне, сондай-ақ жерлеу орындарын күтіп ұстауға және Қазақстан Республикасындағы жерлеу ісі мәселелері жөніндегі мамандандырылған қызметтердің жұмысына ұсынымдар «Қазақстан Республикасының Зираттарды жобалау және күтіп ұстау» қағидалар жинағымен» (ҚР ҚЖ 3.02-141-2014) айқындалады;»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі - тіркеуші орган) - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;»;
5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу және оның талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін қамтиды;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: