Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI «Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2/6-VIII шешімі
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 40/10-VIII шешімімен күші жойылды
Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI «Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6248 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақта:
1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;