Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/11 «Бурабай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 мамырдағы № 8С-31/1 шешімі
Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бурабай аудандық мәслихатының «Бурабай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8686-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Бурабай ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек - Бурабай ауданының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай нысанда көрсететін көмек;
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;