Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 28 мамырдағы № 657 бұйрығы
(2016.22.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.22.08. № 625 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Бұрғылау және басқа тау жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салу, реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу бойынша тікелей келіссөздерге қатысу өтініміне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;