Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 қазандағы № 10/117 шешімі
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 2/18 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» және 2017 жылғы 26 шілдедегі № 446 «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3190 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 желтоқсанында жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
келесідей мазмұндағы 14-1 тармақпен толықтырылсын: