Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушының
2024 жылғы 16 тамыздағы
№ 294 бұйрығына
2-қосымша
Әзірленетін базалық жобалау құжаттары және әзірлеуді талдау шеңберінде
гидродинамикалық модельдерге тәуелсіз сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік
техникалық құжат
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы әзірленетін базалық жобалау құжаттары және әзірлеуді талдау шеңберінде гидродинамикалық модельдерге тәуелсіз сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік техникалық құжат Қазақстан Республикасы барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясының (бұдан әрі - БӘОК) қарауына ұсынылатын көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі әзірленетін базалық жобалау шеңберінде гидродинамикалық модельдері ұсыну және сараптау процесін реттеу үшін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 62-бабының 2) тармақшасына сәйкес жасалды.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидалардың 160-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 маусымда № 17131 болып тіркелген) кен орнының гидродинамикалық моделі - белгілі бір күнге кен орнындағы пайдалану объектілері әзірлемесінің жағдайын көрсететін картографиялық, графикалық, кестелік және басқа да материалдардың кешені. Гидродинамикалық модельді мұнайдың геологиялық қоры 100 млн. тоннадан жоғары және табиғи газ қоры - 50 млрд. текше метрден жоғары болатын көмірсутектер кен орындарын жобалау және игеруді талдау кезінде жасап, пайдалану ұсынылады. Аталмыш модельді жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын жаңартуы мүмкін.
3. Базалық жобалау құжаты шеңберінде орындалған және есепті жасау күніне өзекті болатын гидродинамикалық модельдер цифрлық жеткізгіште цифрлық жеткізгіште не олар болжамды есептік файлдармен бірге орындалған бағдарламалық қамтамасыз ету форматында қорғалған файл алмасу желілері арқылы базалық жобалау құжатының есебімен бірге ҚР БӘОК беріледі.