«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жұмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 27 тамыздағы № 932 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жұмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13873 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы қызметкерлерінің үлгілік еңбек нормалары мен нормативтерін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 101-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы қызметкерлерінің үлгілік еңбек нормалары мен нормативтері бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жұмыскерлерінің еңбек нормаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы қызметкерлерінің үлгілік еңбек нормалары мен нормативтері».
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: