«Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 450 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 64 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11374 болып тіркелді, 2015 жылғы 20 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт):
4-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бала тууды бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі;»;
9-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін баланың тууын тіркеген жағдайда мыналар қосымша:
1) ата-анасының түсініктемесі;
2) баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбасының жоқтығы туралы тіркеу органының анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін туылған балалардан басқа);