Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы
ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІ сессиясының 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 шешімі
(2017.03.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Алматы қаласының Бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында ІІІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты шешім етті:
1. Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру Жоспары бекітілсін, қоса беріліп отыр.
2. Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру Жоспары Алматы қаласының Бас жоспарын орындау бойынша жұмыс істейтін барлық құрылыс салушылар мен инвесторлар үшін міндетті.
3. Алматы қаласы әкіміне Алматы қаласының Бас жоспарының 1:2000 көлемінде көрсетілімдік макетін әзірлеуге осы мақсат үшін әкімгерге - Алматы қаласының сәулет және қалақұрылысы департаментіне 2007 жылғы қала бюджетінен қаражат бөлу басталысымен кезең-кезеңімен қаржыландыру жүргізу ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (О.Ю. Нам) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Я.И. Заяцқа жүктелсін.
5. Осы шешім Алматы қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
ІІІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XXVІ сессиясының
ІІІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XXVІ сессиясының
2006 жылғы 20 қарашадағы
№ 284 шешімімен бекітілген
Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында