Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 20/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2025 - 2027 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 22/1 шешімі
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 24/1 шешімімен күші жойылды
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысының 2025 - 2027 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 20/1 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысының 2025 - 2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 457 316 911,4 мың теңге:
салықтық түсімдер - 64 092 709 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 787 316,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 33 287 мың теңге;
трансферттер түсімі - 391 403 598,7 мың теңге;
2) шығындар - 455 001 654,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 13 613 324 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 23 018 197 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 9 404 873 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -11 298 066,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 11 298 066,8 мың теңге:
қарыздар түсімі - 19 414 190 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 9 000 485 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 884 361,8 мың теңге.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын: