«Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді, азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 494 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 111 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді, азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бірлескен бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»;
бірлескен бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: