Введите номер документа
Прайс-лист

«Жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына 16, 17-қосымшалары) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 12 февраля 2018
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 января 2025

ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы 12 ақпандағы

№ 166 бұйрығына

16-қосымша

 

 

Жеке табыс салығы бойынша декларация

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы 12 ақпандағы

№ 166 бұйрығына

17-қосымша

 

 

«Жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00-нысан)» салық есептілігін жасау

 қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00-нысан) салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес әзірленді және Жеке табыс салығын (бұдан әрі - ЖТС) есептеуге арналған «Жеке табыс салығы бойынша декларация» бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды.

Декларацияны Салық кодексінің 337-бабы 1-тармағына, 358,366-баптарына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салықтарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар - дара кәсіпкерлер және Салық кодексінің 700-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Салық кодексінің 337-бабы 1-тармағына, 358, 366-баптарына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ Салық кодексінің 30-тарауына сәйкес резидент емес жеке тұлғалар жасайды.

2. Декларация декларацияның өзінен (220-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (220.01-ден 220.05-ке дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами