Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 101 «Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXX сессиясының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 190 шешiмi
ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 101 «Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 162101 болып тіркелген), келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 1 204 505 203,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 957 912 923 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 18 178 105,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 29 448 068 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 198 966 107 мың теңге;
2) шығындар – 1 108 492 152,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 20 669 679 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 115 477 768 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 115 907 768 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -40 134 396,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) – 40 134 396,2 мың теңге.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру 10 465 284 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Қорғаныс шығындары 8 598 602 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті қамтамасыз ету бойынша шығындар 32 295 718 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Білім беру шығындары 329 202 793 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Денсаулық сақтау шығындары 37 448 618 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары 44 028 144 мың теңге сомасында бекітілсін.»;