Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 2/279 Қаулысы
(2025.24.09. берілген өзгерістермен)
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Алматы қаласы Спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/76 қаулыға келесі толықтырулар:
аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
17 тармақ келесі мазмұндағы 30-1), 30-2) және 30-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«30-1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
30-2) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;
30-3) Алматы қаласының құрылыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын әлеуметтік объектілерді салу, реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу.»;
2) Алматы қаласы әкімдігінің 2025.11.09. № 3/628 Қаулысымен күші жойылды (2025 ж. 17 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы №1/79 қаулыға келесі толықтыру:
аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
16 тармақ келесі мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
«31) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау.»;
4) «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/81 қаулыға келесі өзгеріс мен толықтырулар:
аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
16 тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: