Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Атырау облысындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 5 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Атырау облысындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 5 Қаулысы
Датачетверг, 31 марта 2022
Статус
Действующий
введен в действие с 31 марта 2022
Дата последнего изменениячетверг, 31 марта 2022

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Медицина-корпоративный, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Атырау облысындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 5 Қаулысы

 

Атырау облысы халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының тұрғындарына:

1) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 қаулысына сәйкес барлық медициналық ұйымдарда, үй карантиніндегі талаптарды сақтау барысында, пенитенциарлық (қылмыстық-атқарушы) жүйесі мекемелеріне және басқа да объектілерде маска кию режимін сақтау қажет;

2) халықтың көп жиналатын орындарында, қоғамдық және әуе көліктерінде, ұйымдасқан ұжымдарда медициналық масканы пайдалану ұсынылады.

2. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, меншік нысанына қарамастан және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар қамтамасыз етсін:

1) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 25.03.2022 жылғы № 16 қаулысына сәйкес қызметтің әрбір түрі үшін бекітілген талаптар мен алгоритмдерді сақтауды;

2) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 25.03.2022 жылғы № 18 және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 25.08.2021 жылғы № 36 қаулыларына сәйкес 2021 - 2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқуды;

3) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.03.2022 жылғы № 14 қаулысына сәйкес «Ashyq» мобильді қосымшасын субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде, қызметіне шектеу қоймай пайдалануды.

2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамтамасыз етсін:

1) облыс тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация жүргізуді;

2) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.01.2022 жылғы № 2, 18.02.2022 жылғы № 11 және 25.03.2022 жылғы № 16 қаулылары талаптарының орындалуын.

4. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 4 «Атырау облысындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г.А. Ирбатыроваға жүктеймін.

6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

 

 

Атырау облысының Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

 

М. Танауов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить в список основных источников в Google

Добавление закладки

Выберите папку, куда хотите сохранить, нажав на неё:

Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!