Осы редакция 2016 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 маусымдағы
№ А-7/296 қаулысымен
бекітілді
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО), көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің
(қызметшілерінің) өзара әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады - 15 минут. Нәтижесі - басшылыққа құжаттарды жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады - 1 жұмыс күні. Нәтижесі - орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;