Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің
2024 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 464 бұйрығына 1-қосымша
Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақпараттық қауіпсіздік саясаты (бұдан әрі - Саясат) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына, Қазақстан Республикасының «Ақпараттық технология. Негізгі терминдер мен анықтамалар» 34.005-2002 ҚР СТ мемлекеттік стандартына, Қазақстан Республикасының «Ақпараттық технология. Деректер базасы. Негізгі терминдер мен анықтамалар» 34.006-2002 ҚР СТ мемлекеттік стандартына, Қазақстан Республикасының «Ақпараттық технология. Телекоммуникациялық желілер. Негізгі терминдер мен анықтамалар» 34.007-2002 ҚР СТ мемлекеттік стандартына, Қазақстан Республикасының «Ақпараттық технология. Қорғауды қамтамасыз ету әдістері. Ақпаратты қорғауды басқару бойынша қағидалар жинағы» ИСО/ХЭК 17799-2006 ҚР СТ мемлекеттік стандартына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) және оның ведомстволарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары мен талаптарын айқындайды.
2. Саясатта пайдаланылған терминдер:
1) ақпараттық жүйе - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
2) ақпараттық қауіпсіздік - электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалу жай-күйі;