Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: Өз сұхбатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді» деді

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: Өз сұхбатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді» деді
Датапонедельник, 5 января 2026
Статус
Действующий
Дата последнего измененияпонедельник, 5 января 2026

Документ входит в комплект(ы):

Комментарии, Мастер, СтройМастер, Юрист-VIP

05.01.2026

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: Өз сұхбатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді» деді

 

Бізде ғалым-криминологтар

оқулықтар мен монографиялар дайындап үлесімізді қосудамыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дербес мемлекеттік орган ретіндегі қызметі өз міндетін табысты атқарғанын атап өтті. Ал қабылданған институционалдық өзгерістер жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған. Себебі екі мемлекеттік органның бір функцияны қатар атқаруы нақты нәтижеге емес, керісінше, жүйелі жұмысқа кедергі келтіре бастаған.

Президенттің айтуынша, жаңа форматтағы жұмыс тек қатардағы жемқорлық фактілерін ғана емес, қылмыстық әрекеттің ұйымдастырушылары мен идеологтарын анықтап, жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл сыбайлас жемқорлықпен күресте сапалы әрі нәтижелі жұмыс жүргізуге жол ашады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жемқорлықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылатынын айтты. Түсіндіру және ағарту жұмыстары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құзыретінде қала береді. Президенттің пікірінше, жемқорлыққа мүлдем төзбеу мәдениетін қалыптастыру үшін бұл құндылықты балаларға жастайынан сіңіру қажет. Бұл істе мектептер, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтардың рөлі айрықша.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті сан қуалаудан гөрі, сапалы әрі нақты нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізетінін атап өтті. Мұндай тәсіл мемлекеттік қызметшілердің батыл әрі жауапты шешім қабылдауына мүмкіндік береді.

Есберген Алауханов -заң ғылымдарының докторы,профессор,ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары комиссиясы Сараптама кеңесінің мүшесі,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,Қазақстан Жазушылар одағы Төрағасының кеңесшісі.

Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі.

 

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!