«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 650 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13264 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 сәуірде«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларында:
1-тарауының тақырыптамасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
2-тарауының тақырыптамасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізудің тәртібі»;
13 - 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Емтиханға жіберу үшін рейтинг бағасының ең төмен жиынтық балы 50 балды құрайды.
50 балл≤ЖРБ≤100 балл
14. Емтиханнан 50 балдан төмен баға алған білім алушыға осы Қағидалардың 36-тармағына сәйкес емтиханды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі.
50 баллЕБ ≤ 100 балл