Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 555 Қаулысы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
13-тармақтың 8) және 9) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«8) облыста елішілік құндылықты дамытуға жәрдемдесу;
9) мемлекеттік сектордың сатып алуларындағы облыстың елішілік құндылық үлесі бойынша жағдайды талдау;»;
15-тармақта:
12) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«12) бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруды үйлестіруді жүзеге асырады;»;
21) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: