Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 40/5 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 17/3 шешімі
Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 шешімімен күші жойылды
Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 40/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7287 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
6-тармақ жаңа редацияда жазылсын:
«6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндерінің тізбесі:
1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
2) 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
4) 9 мамыр - Жеңіс күні;
5) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
6) 25 қазан - Республика қүні.»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті орган табыстарын есепке алмай әлеуметтік көмек көрсетеді:
1) мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
Халықаралық әйелдер күніне уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармақтың 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында, 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;