Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы
Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы
келісім
(Нұр-Сұлтан қ., 2020 жылғы 16 шілдеде)
ҚР 2022 жылғы 11 маусымдағы № 127-VII Заңымен ратификацияланды
2022 жылғы 23 шілдеде күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты басшылыққа ала отырып,
мұнай өнімдерін беру және еуразиялық экономикалық интеграция жолында ілгерілеу саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету мүдделілігін негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісім Армения Республикасына мұнайды, электр энергиясын, табиғи газды және көмірді қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 27-тобында сыныпталатын тауарларды (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарлар) беру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың шарттарын айқындайды.
Тараптар арасындағы ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды беру саласындағы ынтымақтастық өзара мүдделерді қорғауға негізделген және Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының мүдделеріне зиян тигізбеуге тиіс.
ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 43-тарауына сәйкес Тараптардың кедендік декларациялауына жатады.
2-бап
1. Қызметті үйлестіру және осы Келісімнің орындалуын бақылау үшін Тараптар мынадай құзыретті органдарды тағайындайды:
Қазақстан тарапынан - көмірсутектерді және ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды өндіру саласындағы құзыретті орган;
Армения тарапынан - Армения Республикасының Аумақтық басқару және инфрақұрылымдар министрлігі.
2. Осы Келісімнің шеңберінде ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарлар тасымалын жоспарлауды және ұйымдастыруды қамтамасыз ететін уәкілетті ұйымдар мыналар болып табылады: