Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 261 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1409 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму стратегиясында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдарға арналған даму жоспары»;
«Кіріспе» деген бөлімде:
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның 2013 − 2022 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі – Жоспар) оның стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын және қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және мыналардың:»;
«Миссия және пайымы» деген 2-бөлімде:
«Миссиясы» деген кіші бөлімде:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Біздің көзқарасымыз бен Жоспарымыз қызметімізді біртіндеп және үздіксіз жақсарту әрі дамыту арқылы өзіміз ұмтылатын болашаққа бастайды.»;
«Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтің негізгі көрсеткіштері және күтілетін нәтижелері (1-қосымша, 1.1-қосымша)» деген 3-бөлімде:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: