«Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 681 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 168 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 681 бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережеде:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобалар мен бағдарламалардың енгізілу нәтижелеріне талдау жүргізу;»;
«8) ғылыми білімдерді денсаулық сақтау саясаты мен практикасына трансляциялауға, реформалар мен басқарушылық шешімдерді әзірлеуде ғылыми негізделген тәсілді қамтамасыз етуге жәрдемдесу.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобалар мен бағдарламалардың енгізілу нәтижелеріне, олардың денсаулық сақтау жүйесінің сапасына, қолжетімділігіне және орнықтылығына, әлеуметтік және экономикалық әсеріне ықпалын ескере отырып, талдау жүргізеді;»;
«9) денсаулық сақтау саласындағы реформаларды, нормативтік өзгерістер мен басқарушылық шешімдерді ғылыми тұрғыдан негіздеу мақсатында ғылыми-талдамалық шолулар мен Policy Brief (нақты деректерге негізделген талдамалық анықтамалар) әзірлеуді және қарауды ұйымдастырады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: