«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 196 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал), ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы не «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидалардың 2 - қосымшаға сәйкес «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көрсетілген құжаттар қоса берілген осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру туралы өтініш береді.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтиды.»;