«Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20164 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы қағидалары бекітілсін.»;
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету тәртібі туралы қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы қағидалары»;
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: