Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 287 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 115 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27705 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бейнебақылау жүйесі-жұмыс істеп тұрған бейнеканалдардың, бейнедеректерді жазу мен сақтаудың бағдарламалық және техникалық құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын басқарудың бағдарламалық және техникалық құралдарының жиынтығы;».