«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 30 мамырдағы № 44/қе бұйрығы
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 34/қе бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11360 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген «Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап:
лицензияны беру - 15 жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу - 3 жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру - 2 жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап олардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.»;