«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 12 тамыздағы № 527 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауына қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдыру әскерге шақыру комиссиясының шешiмiмен беріледі.
3. Мемлекеттік қызметті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) әскерге шақыру комиссиялары арқылы көрсетеді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: