Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 523/70 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 32/3 шешімі
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 65/8 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 523/70 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7004 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 қарашада электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
1- тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«8) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы;»;
6- тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«8) мүгедектер, атап айтқанда:
8-1) 18 жасқа дейінгі мүгедек - балалар;
8-2) 1 топтағы мүгедектер;