Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2024 жылғы 23 қаңтардағы
№ 60 бұйрығына
11-қосымша
«Лакты бояу материалдарын, жабындар мен
полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу»
кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес «Лакты бояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу» кәсіптік стандарты әзірленді, ол лакты бояу материалдарына, жабындарға және полимерлік материалдарға (бұдан әрі - ЛБМ, ЛБЖ және ПМ) сараптама жүргізу жөніндегі сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және сот-сараптама қызметі саласында қолданылады.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
3) жазба - қол жеткізілген нәтижелер туралы мәліметтерді қамтитын құжат немесе жүзеге асырылған қызметтің расталуы верификацияның, ескертуші және түзетуші әрекеттердің жүргізілуінің куәлігін ұсыну және қадағалауын рәсімдеу үшін;
4) ЛБМ, ЛБЖ және ПМ сот-сараптамалық зерттеу мәні - осы объектілердің технологиясы, құрамы және зерттеу әдістері саласындағы арнайы ғылыми білімді пайдалана отырып, сот сараптамасының жалпы ережелері негізінде ЛБМ, ЛБЖ және ПМ сараптамалық зерттеулерінің көмегімен тергеліп жатқан оқиғаның нақты деректерін, мән-жайларын анықтау;
5) ЛБМ, ЛБЖ және ПМ сот-сараптамалық зерттеу объектілері - лакты бояу жабындары және олардың фрагменттері, лакты бояу материалдарының және олардың жекелеген компоненттерінің үлгілері, лакты бояу материалдары мен жабындарының қабаттары бар тасымалдаушы заттар. Пластмассадан, резеңкеден және пленкалы полимерлі материалдардан жасалған бұйымдар, олардың фрагменттері, полимерлі материалдардың әртүрлі тасымалдаушы заттардағы қабаттары, желімдер мен желім композициялары, олардың іздері-қабаттар.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады: