«Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 77 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 201 шешімі
Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 77 шешiмiне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8448-11 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қармақшы ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;».
2-тармақтың 7-1) тармақшасы алынып тасталсын;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) 9 мамыр - Жеңіс күні: